Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Қазақ айтысы ауыр қазаға душар болды

«Орыс — өз жұртым, қазақ — туғаным». Қара домбыраны қолынан тастамай, айтыста атойлаған орыс қызының бұл өмірлік ұстанымы еді. Бар ғұмырын ұлтымыздың ұлы өнеріне арнаған Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында келместің кемесіне мінді. 1940 жылы Қаскелеңде, қазақтардың ортасында туып-өскен ол қара өлеңмен тыныстап, айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге бір кісідей үлес қосты. Надежда Андрейқызының есімін көпшілік өткен ғасырдың 60–70-жылдары тани бастады. Дәлірек айтқанда, 1963 жылдан бастап айтысқа қатысып, бірнеше республикалық және облыстық додаларда топ жарған. Ал шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға таспаланып, өнерсүйер қауымның назарына ұсынылды. Оның «Елім менің», «Көңіл хошы» атты жыр жинақтары жарық көріп, соңғысы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болған.

← Все новости