Айдалада ақ отау, суы, газы жоқ отау! Ақтөбеде жылдар бойы кезекте тұрып, әрең дегенде он сотық жеріне қол жеткізген тұрғындардың көңілдері су сепкендей басылды. Өйткені, жер телімі берілген Қурайлы 2 ауылы коммуникациялық желі атаулыдан жұрдай болып шықты дейді. Көгілдір отын былай тұрсын, халық күні кешеге дейін ұялы телфонның жарығымен амалдап келгендерін айтты. Мәселе қашан шешіледі?