Қала аумағына кірсе де, ауылдың күйін кешкен тұрғындар арнамыздан көмек сұрады. Алатау ауданына қарасты елдімекендегілердің шыдамы шегіне жеткен. Өйткені, мұндағы коммуникацияның барлығы жекенің қолына өтіп кетіпті. Соның кесірінен, тұрғындар бау-бақшаларын түнгі 3-те суарып, кейде мал жуынатын құдықтан өздері су ішеді екен. Жол азабы тағы бар. Алматының іргесінде тұрып, мұндай сұмдыққа тап боламыз деп ойламаған жандардың жанайқайына қатысты біз әкімдіктен жауап алдық.