Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Қазақстанда 5 миллион адамға ЖИ-ді үйретеді

Елімізде 2031 жылға дейін 5 миллион азаматқа жасанды интеллект негіздері үйретіліп, осы салаға қажетті 100 мың маманды даярлау жоспарланып отыр.

Бұл бастама «Әділет» партиясының ұзақмерзімді стратегиясында қарастырылған. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін AI Earners жобасын іске қосу көзделген. Оның аясында қазақстандықтар жасанды интеллект құралдарын тегін меңгеріп, сол арқылы табыс табу дағдыларын игере алады.

Ал «Цифрлық ауыл» жобасы бойынша ауылдарда сапалы интернет пен заманауи цифрлық қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған 20-ға жуық жоба жүзеге асырылмақ.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости