Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Жаңадан жөнделген көпірде сызат пайда болды

Атырауда жазда ғана қыруар қаржыға жөнделген ескі көпір жарты жылға жетпей бүлініп жатыр. Ондағы жап-жаңа асфальтқа түскен сызатты тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған.

Мына жерде орталық көпір үгіліп жатыр.

Өткелдің көлік жүретін бөлігі ғана емес, жаяу жүргіншілерге арналған жері мен бетон қоршауының жағдайы да сын көтермейді. Енді тұрғындар оның қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Ал облыс әкімдігіндегілердің мәліметінше, жөндеу кезінде мердігер аспалы жолдың негізгі деформациялық жіктерін толық ауыстырмапты. Қажетті материалдар уақытында жеткізілмегендіктен, жұмыс та аяқсыз қалған. Ал қайта жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны әзірге белгісіз.

СӘЛІМЖАН МҰСАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тиісті письмосын алып, сол письмо негізінде қалалық әкімдікпен, облыс әкімдігімен тиісті шешім қабылдаймыз. Келесі айда деформациялық материалы келеді. Бірақ бұның жұмыс жасау өзінің тәртібі бар. Бұл деформациялық шовтың жұмысын бастайтын болсақ 1 апта уақыт алады. Бірақ ол күнге, ауа райына байланысты.

← Все новости