Перейти к содержимому
· 133 просмотра

Ақтөбелік зауыт: тағы бір жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбеде зауытта жарақат алған тағы бір жұмысшы қайтыс болды. 32 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Денесінің 65-80 пайызын күйік шалған пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның ес-түсі болғанымен, басы мен беті, аяқ-қолы, тыныс алу жолдары буға әбден күйіп қалғанын айтты. Шоктан арылып, беті бері қарағаннан кейін емін жалғастыру үшін республикалық орталыққа тасымалдауды жоспарлаған екен.

← Все новости