Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

ҰБТ-дан шекті балл жинау міндетті емес

Қандастар мемлекеттік білім грантына үміткер болу үшін ҰБТ-дан шекті балл жинауға міндетті емес. Олар тестілеу нәтижесіне қарамастан конкурсқа қатыса алады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, шетелде тұратын этникалық қазақтар еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ны жылына төрт рет — қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында тапсыра алады. Ол үшін app.testcenter.kz сайтында тіркелу қажет, бағасы — 5 640 теңге. Ал ақылы негізде оқуды жоспарлағандарға тест тапсыру міндетті емес, олар сұхбаттасу арқылы қабылданады. Грант конкурсына қатысу үшін негізгі тестілеуден өту шарт. Өтініштер сәуір айында қабылданады. Ал Қазақстанда білім алып жатқан қандастар «2027 жылғы мектеп түлектері» санаты бойынша тіркеліп, негізгі ҰБТ-ны 5 немесе 3 пәннен тегін тапсырады. Грант конкурсында әдеттегі мамандықтар үшін 3 пәннің, ал шығармашылық бағытқа 1 пәннің нәтижесі есепке алынады.

← Все новости