Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Президент ҰҚШҰ отырысына қатысты

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Мемлекет басшылары Ұйым аясындағы ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін саралап, биыл атқарылған жұмысты қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басым бағыттарын айқындап, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлығы үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресейдің биылғы төрағалығына жоғары баға берді. Мемлекет басшысы терроризм мен есірткі айналымына қарсы күресте, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуда ортақ күш-жігерді жұмылдыру маңызды екенін айтты. Бұдан бөлек, келесі жылы Ұйымға төрағалық ететін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды құттықтап, жауапты миссиясына сәттілік тіледі. Жиын соңында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай бірқатар құжатқа қол қойылды.

← Все новости