Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Президент «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайына қатысты

Қазақ тілінің абыройын арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында осылай деді. 1989 жылы іргесі қаланған ұйымның еліміздің тарихындағы орны ерекше екенін мәлімдеген Президент мұнда қызмет етіп жүрген әр жанға ризашылығын білдірді.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Бүгінгі құрылтайда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту ғана емес, қоғамды ұйыстыратын ортақ құндылық ретіндегі рөлі де сөз болды. Мемлекет басшысы ана тілімізді дамыту өзге тілдердің өркендеуіне кедергі емес екенін атап өтті. Тіл мәселесін желеу етіп, қоғамда жанжал туғызуға ұмтылатын арандатушылар заң аясында жауапқа тартылуы керек деді.

Ал құрылтайда қоғам өкілдері қазақ тілін технологиялық тұрғыдан дамыту бағытындағы жобаларды таныстырды. OpenAI компаниясымен бірлескен жұмыс аясында 14 миллиардтан астам токендік мәтін қоры мен 12 мың сағаттық аудиодерек жинақталған. Қазақша дубляждалған фильмдерді соңғы екі жылда миллионнан астам көрермен тамашалап, цифрлық кітапханадағы қор төрт мыңнан астам электронды кітап пен мыңнан астам аудиокітапқа жеткен.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақ тілін жастардың үйренуі бұл мектеп жасынан бастап кішкентай кезінен баланың санасына сіңіріп өсу керек деген ұстанымды ұстанамыз. Және де осы әр жыл сайын басқа өзге тілді мектептерде қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдердің басын қосып семинар жасауды жолға қойдық. Жыл сайын өткізіледі ол кісілерге қазақ тілін үйренудің жаңа әдістерін түрлі тәсілдері жасанды интеллектіні қолдану жастарды тілге қалай қызықтыратын осыларды сол қазақ тілі мұғалімдері арқылы өзге тілде оқытатын мектептерге жас кезінен баланың санасына сіңіру керек деп ойлаймыз.

Президенттің айтуынша, қазақ тілі ең алдымен бірлік пен ынтымақтың тілі болуы керек. Ал оны заманға сай дамыту – бүкіл қоғамға ортақ міндет.

← Все новости