Перейти к содержимому
· 24 просмотра

«ЖИ» жауға айналмасын

Жасанды интеллект лаңкестердің қаруына айналуы мүмкін. Жоқты бар, болмағанды болды деп ақпарат тарату арқылы ел ішінде дүрбелең туғызуы оп-оңай. Одан қалай қорғанамыз? Астанада өткен Ақаба процесінің саммитіне қатысушылар осы сұраққа жауап іздеді. Алғаш рет халықаралық шараны Орталық Азия құрлығы қабылдады. Астана төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді және көрші жатқан Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерін, Әзербайжан мен Қырғызстанның жоғары лауазымды шенеуніктерін қабылдады. Айта кетейік, Ақаба процесі – Иордания королінің халықаралық бастамасы. Оның аясында мемлекеттердің бірінші басшылары, арнайы құрылымдары бас қосып, түрлі қауіп-қатерге қарсы ортақ ұстаным қалыптастырып, бірлесе қабылдайтын шараларды үйлестіреді.

← Все новости