Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Бала құқықтарын қорғауға арналған семинар өтті

Бала құқықтары басты назарда.

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылындағы «Жайлы мектепте» өңір педагогтеріне арналған тәжірибелік семинар өтті. Жиын «Заң мен тәртіп» қағидатына арналды.

Оған аудан прокуроры, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сот судьялары мен полиция өкілдері арнайы шақырылды. Сондай-ақ басқосуға білім ошақтарындағы бала құқығын қорғау жөніндегі 60 маман мен мектеп директорлары қатысты.

Алдымен құзырлы орган қызметкерлері оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті. Бұдан бөлек, жеткіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлімжеттіктің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Әсел Еркінбаева, Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы: «Бұл — білім беру мекемелеріндегі оқушылардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан үлкен жобаның бір ғана іс-шарасы. Қарасай ауданында орналасқан барлық 62 мектепте бала құқығын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалған болатын. Сол уәкілдермен кезекті кездесуіміз. Бұл жерде балалар, ұстаздар және құзырлы органдар арасындағы алтын көпірді байланыстыру көзделген».

Шара барысында оқушыларға арналған арнайы тренингтер ұйымдастырылып, жеткіншектердің өзара пікір алмасуына жағдай жасалды. Семинар қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстары жинақталып, арнайы іс-шаралар тізімі бекітілді.

Нұрасыл Отарбек, Қарасай ауданы бала құқықтары бойынша уәкілі: «Осы бойынша алдағы уақытта ауданымызда жұмыс жүргізіледі. Олардың әрқайсысына міндеттеп отырғанымыз — бала құқығының толыққанды қорғалуы. Бала құқығы бойынша бізде мұндай конференциялар, пікірсайыстар, республика бойынша форумдар өткізіліп жатыр. Бала құқығы республика бойынша, заңнама бойынша, БҰҰ конвенциясы бойынша да маңызды болып келеді».

Қайыркен Отыншы

← Все новости