Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 20 просмотров

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

Жаңа апта ауыс-түйістен басталды! Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев қызметінен босатылды. Бұл орынға осы уақытқа дейін комитет төрағасының орынбасары болған Марат Ирменов тағайындалды. Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қоя салысымен, басшылық құраммен жиын өткізіп, жаңа төрағаға бірқатар міндеттерді жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен қауіпсіздік жүйесін жаңғыртып, қызмет сапасы мен тиімділігін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң ұстанып, ел экономикасындағы ұлттық мүддені қорғау керектігін еске салды. Бұдан бөлек, жемқорлық пен заңсыздыққа қарсы күресті күшейтіп, кадр саясатын жетілдіру қажет. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қатердің алдын алып, мемлекеттік бағдарламалардағы парақорлыққа жол бермеу де жаңа басшылыққа артылған міндет, – деді Президент.

← Все новости