Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Балабақшалар лицензиядан өтуге міндеттелмек

Мектепке дейінгі ұйымдарға талап күшейеді. 2027 жылдан бастап балабақшалар міндетті лицензиялаудан өтуге тиіс. Бұл мәселе бүгін Құрылтайда өткен Үкімет сағатында талқыланды. Қазір елімізде 12 мың мектепке дейінгі ұйымда 1 миллион 100 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Ал балабақшалардың сапасын арттыру бағытында ваучерлік қаржыландыру жүйесі оң нәтиже көрсеткен.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Биыл 389 мыңнан астам бүлдіршін мектеп алдындағы даярлықтан өтті. 20 қала мен 23 ауданда іске асып жатқан пилоттық жоба аясында 1,3 млн ваучер берілді. Мұндай қарымды қадам 47,6 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеп, кезектілікті 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқартты. Сонымен бірге 100 (62 мемлекеттік, 38 жеке) мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу жобасы іске асырылып жатыр.

Отводка: балалардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Қазір ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан күрмеуі шешілмеген түйткілдер бар. Бұл кешкі мектептер мәселесі.

ДИНАРА ЗӘКИЕВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елімізде 40 кешкі мектеп жұмыс істеп тұр. Тексеру барысында кейбір балалардың үй шаруасына көмектесу немесе бауырларына қарау мақсатында ата-аналарының талабы бойынша кешкі мектепке ауыстырылған жағдайлары анықталды. Кейбір мектептер балаға қажетті қолдау көрсетудің орнына, «онымен жұмыс істеу қиын» деп, кешкі мектепке ауыстыра салады. Бұл балалардың қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіреді.

Осы орайда министр Сүлейменова балаларды кешкі мектептерде оқытпауға арналған тиісті бұйрық қабылданатынын жеткізді.

← Все новости