Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

5 кг алтынды денесіне жапсырып, Қытайға өтпек болған

Алматы тұрғыны 5 келі алтынды денесіне жапсырып, Қытайға кетпек болған. Бағалы металды скотчпен орап алған күдікті «Қорғас» бекеті арқылы шекарадан өтуді жоспарлапты. Алайда кеденшілер оның айласын әшкереледі. Жетісу облыстық прокуратурасы ер адамды тексеру кезінде құны 488 миллион теңге болатын 5 келі 764 грамм алтын тәркіледі. Сотта күдіктінің заңсыз әрекеті дәлелденіп, кінәлі деп танылды. Ал алтын мемлекет меншігіне өткізілді.

← Все новости