Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 38 просмотров

Президент сыйлығынан кәсіпкерлер де үміттене алады

Енді кадрларына қолайлы жағдай жасаған кәсіпкерлер де Президенттің сыйлығын ала алады. Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының ережесі өзгерді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, бұдан былай Президенттің арнайы сыйлығына әлеуметтік жауапкершілік саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген, қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек шартын жасаған, әл-ауқатын арттырғандар үміткер атанады. Ал байқаудың ең жоғары марапаты — Гран-при. Ол өз қызметінде үздік нәтиже көрсеткен, жауапкершілік қағидаттарын табысты іске асырған қатысушыларға табысталады. Сыйлық екі санат бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері мен шағын және орта бизнес өкілдеріне беріледі екен.

← Все новости