Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 36 просмотров

Азық-түлік бағасын қымбаттатқандар анықталды

Астанада ақшаға құнығып, азық-түліктің бағасын шектен тыс өсіргендер анықталды. Әлеуметтік маңызы бар тауар түрлеріне 15 пайыздан артық үстеме қосқан 60-тан астам кәсіпкердің кім екені белгілі болды. Жыл басынан бері сауда ережелерін бұзуға қатысты 162 әкімшілік іс қозғалып, 3 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Мұны сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жариялады. Биылдан бастап азық-түліктің құнын негізсіз өсіргендерге ескерту жасап жүрмейді, бірден айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл да екі еселенеді.

← Все новости