Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 34 просмотра

Шенеуніктер қайдан киінеді?

Костюмім – өз елімдікі, тек матасы шетелдікі! Отандық брендті дамытуға атсалысып жүрген шенеуніктер Үкіметте өткен брифингте өздерінің қайдан киінетінін айтып, ағынан жарылды. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің үстіндегі 100 мың теңгелік киімінің Қазақстанда тігілгені болмаса, матасы өзге елден әкелінген екен. Ал Мәңгілік елдің бойындағы дүкенде сапалы киімдер бар деген «Даму» қорының төрағасы Фархат Сәрсекеев галстугын 40 мың, ал аяқ киімін 60 мыңға алғанын айтты. Ол жыл сайын Елордада өтетін көрмеге арнайы баратынын да жеткізді. Тіпті челлендж ұйымдастырып, көпшілікті отандық брендті қолдауға шақырыпты.

ФАРХАТ СӘРСЕКЕЕВ, «ДАМУ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Өткен жылы өткен көрмеде мен арнайы челлендж бастадым. Мұнда халықты Отандық брендті қолдауға шақырдым. Бізде әр өңірде түрлі өндіріс орындары жетерлік. Мысалы, Қызылорда, Қарағанды, Көкшетауда сапалы брендтер тігіледі. Мен олардың шығарған киімдерін алып тұрамын. Әр адам өзіне керегін таба алады деп ойлаймын. Әріптестеріме де жарнамалап айтып жүремін.

← Все новости