Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

Елімізде әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін. Мета компаниясы Қазақстанда ресми өкілдік ашудан бас тартса, Фейсбук пен Инстаграм сынды танымал платформалардың жұмысы тоқтауы ықтимал. Жұртшылықты алаңдатқан мәселеге қатысты депутат Александр Данилов пікір білдірді. Оның айтуынша, әзірге уайымдауға негіз жоқ. Себебі компания өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алайда заңда көзделген талаптар орындалмаса, тиісті шаралар қабылданады. Халық қалаулысы бұл, ең алдымен, азаматтарды заңсыз контенттен қорғау үшін қажет екенін айтады.

← Все новости