Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 19 просмотров

346 мың теңге: жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы көлемі артады

Жұмысынан айырылып, табыс көзінсіз қалғандарға құлаққағыс! Енді осы санатқа төленетін әлеуметтік қолдаудың ең жоғары мөлшері 346 мың 500 теңгеге дейін өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, максималды шектің артуына ең төменгі жалақының ұлғаюы әсер еткен. Қаржылай көмек 3 ай бойы көрсетіледі. Осы тұста ескеретін жайт, төлем жұмыссыз қалған азаматтың әлеуметтік аударымдарына байланысты тағайындалады. Яғни, қаражатты бөлу кезінде әлеуметтік сақтандыру жүйесіне соңғы 24 айда жіберілген жарна көлемі ескеріледі. Жәрдемақыны алу үшін ең алдымен «жұмыссыздық» мәртебесін алу қажет. Ол үшін «Мансап» орталығына барып, мамандардың көмегіне жүгінуге болады. Жаңашылдық жаңа жылдан бастап күшіне енеді.

← Все новости