Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 17 просмотров

Әлем жаңалықтары

Таңғажайып оқиға. Африкада өлген адамдар қайта тіріліп кетеді екен. Нигерияда көлік апатына ұшырап көз жұмды делінген мотоцикл тізгініндегі азамат тіріліп кетті. Әу баста ес-түссіз жатқан байкерді ақ халаттылар мәйітханаға жеткізген. Алайда, біршама уақыт өткен соң «марқұм» орнынан атып тұрған. О дүниеден қайта оралған жігіт тұра салысымен темекі сұрапты. Шылымын шегіп болған соң барлығы көрген түс сияқты өте шыққанын баяндап берген.

ТАРИХИ КЕЗДЕСУ

Қытайдың Шэньчжень қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық серіктестігінің кезекті саммиті басталды. Алқалы жиында Әлемнің үш бірдей алпауыт елдерінің басшылары дөңгелек үстел басына жиналды. Шарада АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей басшысы Владимир Путин төбе көрсетті. Ал ертең маңызды отырыс аяқталған бетте тараптар өзара тарихи үшжақты келіссөздер жүргізеді. Таңғы сессияда Қытай мен Ресей лидерлері сөз сөйлеп, аймақта сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жайлы бастама көтерді. Ұйымдастырушы тарап өкілі Си Цзиньпин болса, даму үшін нарықты барынша ашық ету керектігін мәлімдеді. Сондай-ақ барлық елдер бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарын орындауы қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта жасыл экономика, жасанды интеллектке көңіл бөлуге шақырды.

75 МЫҢ ДОЛЛАР СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Кореяда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. «Таңғы жұпар» елінің жеткіншектері жоғары оқу орындарына түсу үшін жаппай сынақ тапсырады. Десе де, соңғы уақытта талапкерлер білімге емес, жасанды интеллектінің көмегіне көптеп жүгініп жатыр. Оқушылар бақылаушылардың көзін ала бере, нейрожүйеден көшіруге тырысады. Осы олқылықтардың алдын алу үшін билік сақтық шараларын күшейтті. Сондай-ақ заманауи технологиядан ақыл сұраған талапкерлерді ұстап бергендерге 75 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Бұдан былай, қомақты соманы алғысы келген жандардың қатары артуы мүмкін. Ал сынақ тапсыратын оқушылардың смартфондарынан бөлек, қол сағаттары, көзілдіріктері жіті тексеріле бастады. Айта кету керек, «Сунын» деп аталатын емтиханды жыл сайын 550 мың талапкер тапсырады. Бұл Кореядағы ең маңызды науқандардың бірі.

ТАНКЕР БАТЫП КЕТТІ

Еуропадан тағы маза кетті. Қара теңізде соңғы екі тәулікте қос газ танкері батып кетті. Төтенше оқиға Болгарияның экономикалық аймағына жақын маңда болған. Ал Либерия туы астында жүзіп бара жатқан кеме дәл осы елдің жағажай қызметінен көмек сұрап, дабыл беріпті. Шұғыл хабарламаға Болгария мамандары бірден үн қатып, құтқаруға аттанды. Алып техниканың 19 экипаж мүшесінің барлығы Филиппин азаматтары. Оларды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Болгария билігінің дерегінше, қайғылы оқиға жағажайдан 100 шақырым қашықтықта тіркелген. Ал танкер Мысырдың Александрия портынан Румынияға қарай бағыт алған. Бұған дейін, Қара теңізде Сомалиге тиесілі кеме батып кеткен еді. Қос апатқа да Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстардың қатысы болуы мүмкін.

← Все новости