Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Шейхтар әуежайды көшіріп жатыр

Шейхтар адамның ойына кіріп-шықпайтын тағы бір жоспар құрып жатыр. Олар жаһандық авиация саласында жаңалық ашуды көздейді. Әмірлік билігі Дубай әуежайын көшіруді қалайды. Алдағы уақытта ел астанасындағы терминал қаладан 45 шақырым қашықтықтағы Әл-Мактум әуежайына ауыстырылады. Дубай терминалы директорының сөзінше, бұл процесс бірнеше жылға созылады. Себебі бастапқыда екі нысан да штаттық режимде ұшақ қабылдауды жалғастырады екен. Ал су жаңа Әл-Мактум терминалы бір жылдық сынақтан өтеді. Тек содан кейін ғана жолаушыларға есік ашады. Ауқымды жобаның алғашқы кезеңі 2032 жылы аяқталады. Қазір шейхтар жаңа терминалдың құрылысын бастау үшін жалпы сомасы 3,5 млрд долларлық келісімшартқа отырды. Бұдан бөлек, 100 мыңнан астам жұмысшы тартылған. Ал құрылысты бастан-аяқ аяқтау үшін шамамен 35 млрд доллар қажет екен.

← Все новости