Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Трамп, Путин, Си нені талқыламақшы?

Дүниежүзі көз тіккен үш алпауыт елдің көшбасшысы ақыры бір үстел басында бас қосатын болды. Жалпақ жұрт «АҚШ, Ресей және Қытай лидерлері Украинаның тағдырын өзара шешіп тастай ма?» деп алаңдаулы. Бірақ Ақ үй бұл күмәнді сейілткендей. Уашингтонның мәлімдеуінше, келесі аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпин үшжақты келіссөз өткізеді. Алайда бұл басқосуда Украинадағы соғысты талқылау жоспарланбаған. АҚШ бұл мәселе Қытай қатыспайтын Уашингтон мен Мәскеу арасындағы жеке келіссөздерде қаралады-мыс. Ал үшжақты форматта негізінен ядролық қару қорын қысқарту мен Иран төңірегіндегі жағдай сөз болмақ. Дегенмен сарапшылар алдағы диалогтың нәтижелі өтуіне күмәнмен қарайды.

ЧИМ ЛИ, «THE ECONOMIST» ЖУРНАЛЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Алайда бұл жүздесуге қатысты бірқатар тәуекел бар. Біріншіден, Қытай ядролық қарусыздану бойынша үшжақты диалогқа аса қызығушылық танытып отырған жоқ. АҚШ бұл мәселені талқылағысы келгенімен, Қытай тұрғысынан оның ядролық арсеналы америкалықтар мен Ресейдікіндей үлкен емес. Екіншіден, олар Украина, Иран сияқты өте сезімтал геосаяси мәселелерді де талқылағысы келмейді. Сондықтан олардың бұл бағытта қалай өзара әрекеттесетіні және бұған қалай дайындалатыны да назар аударуға тұрарлық.

АҚШ әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, Дональд Трамп ядролық қарудың таралуын халықаралық қауіпсіздікке төнетін елеулі қатер деп санайды. Сонымен қатар, үшжақты келіссөздерден бөлек, 19 қарашада АҚШ президенті Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жеке кездеспекші.Онда екі ел арасындағы бұған дейін қол жеткізілген сауда келісімдерінің орындалу барысы талқыланбақ.

← Все новости