Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Баспананың жарнамасына алданып қалғандар шу шығарды

Бас қаладағылар баспанамның құжаты жоқ деп байбалам салып жатса, шырайлы Шымкенттегілер жарнамаға алдандық деп шыж-быж. Пәтер алғандар енді комфорт санатындағы тұрғын үй кешенінде тұрамыз деп алақайлап жүргенде ақауын байқап, азар да безер. Төбеден аққан су, қисайған қабырғасы тағы бар, материалдарының сапасыз жағы бар, тізе берсең бітпейді. Ал енді адал ақшасын арам жұмысқа құйғандардың жайы не болады?

Жарнамасына алданып қалдық! Шымкентте тұрғын үй кешенінен пәтер алдық дегендер шу шығарды. Айтуларынша, қыркүйек айында баспаналарына қоныстанып алатын еді, әлі күнге дейін пәтер жалдап көшіп-қонып жүр. Себебі су жаңа үйлеріне кірмей жатып-ақ ақаулары шаш етектен төгіліп жатыр деп жыларман күйде жүр.

Тірнектеп теңге жинап, онша-мұнша емес комфорт санаттан үй алдық деп бөріктерін аспанға атқандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Екі ай бұрын баспаналарына қоныстанып, абыр-сабыр өмір сүріп жататын тұрғындар қазір жыларман күйде. Себебі комфорт санатқа мүлдем сай келмейді дейді. Кірмей жатып төбелері мен терезелерінен су кеткен. Қабырғалары қисық-қисық дегендер түзетіп жөндеу жұмысын жасау үшін қыруар қаржы кетеді дейді.

АЙГҮЛ ДАВАЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мынау ОКС деген застройщиктен үй алғанбыз. Асар хаус- 4 деген. Мына құжатымда комфорт плюс, сырты облицовочный фасад болады деген. Үй өте сапасыз. Ешқандай комфорт плюске сай емес.

Кей пәтерлерде батареялардың саны аз және үй саларда сапасыз материалдарды қолданған деп отыр ашулы жұрт. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізейін десе, үйде су мен газ жоқ дейді.

Су жиналғаннан боп тұр ғой, төбеден су өтіп жатыр ғой, еденге де әсер еткен, міне паркеттері босап тұр.

Мәселен, Мұхамеджан Балабеков пәтеріне ай сайын 340 мың теңгеден 15 жыл төлейді. Бірақ күткен дүнием мүлдем мұндай емес еді деп отыр.

МҰХАМЕДЖАН БАЛАБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сосын потолоктан су өтіп жатыр постоянно. Ол су плитаның арасындағы конденсат деп айтып жатыр. Ол конденсат болуы мүмкін емес. Себебі қайта-қайта өтіп жатыр. Каждый жауын-шашын сайын өтіп жатыр. Радиатор мәселелі. Жылуды мүлдем дұрыс жүргізбеген.

Ал жауаптылар төбеден су ағуы мүмкін емес дейді. Комфорт плюс санатына толықтай жатады деген басшы кем-кетіктерді 10 күннің ішінде түзетіп береміз деп, ақталды.

БОЛАТ МАЛИМОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

1-2 мәселе бар шығар, кемшіліктер. Жаңағы үйдегі подоконнигі, терезе мәселесі, оның бәрін біз кепілдік мерзімі 5 жылдық кепілдік несінде біз барлығын барлық кемшілікті жасап береміз заявка бойынша. 1-2 жерлерде бар. Аса бір ақау деген мәселе бұл жерде жоқ. Біз застройщик ретінде біз жауап береміз барлық мәселеге.

Тіпті тұрғын үй кешенінен пәтер алған бірнеше тұрғын кірмей жатып кетіп қалыпты. Қаншама айдан бері шапқылап үйлеріне кіре алмай жүргендер құжаттарын алып енді сотқа жүгінбекші.

← Все новости