Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Алматының жедел жәрдем мамандары смарт-жетонмен жүреді

Алматыда жедел жәрдем мамандары әр шақыртуды бейнетаспаға түсіреді.

Қаладағы шұғыл көмек көрсететін мобильді бригадаларға 500-ге тарта смарт-бейнежетон табысталды. Құрылғылар шақырту кезінде оқиғаларды бейнетаспаға түсіруге, медицина қызметкерлеріне қауіп төнген жағдайда қорғануға мүмкіндік береді.

Бейнематериалдар 30 күн, ал қосымша тексеру үшін қажет материалдар екі жылға дейін сақталады. Тек 2026 жылдың өзінде жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 11 дерегі тіркелген.

Жоба Президенттің Жолдауын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. Қалалық жедел жәрдем қызметіне күн сайын шамамен 3–3,5 мың шақырту түседі.

Гауһар Анамасова, № 6 жедел жәрдем қосалқы стансасының меңгерушісі: «Бүгінде видео-жетондар қызметкерлер мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында таратылып жатыр. Себебі шақыртуда неше түрлі жағдай болады. Кейде қызметкерлерге қарсы шығатын, алкогольдік ішімдік қолданған науқастар бар».

Ұлан Тәліпбай

← Все новости