Перейти к содержимому
СРОЧНО

Субсидиядан ақша жымқырған ұсталды

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген субсидияны жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл заңсыз схеманы ұйымдастырған коммерциялық құрылымдардың қызметін тексеруде. Тергеу дерегінше, «Агрохолдинг Түркестан» және «JMJ-Агро» серіктестіктері 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға мемлекеттік қолдау сұрап, өтінім берген. Алайда оның 37-сі жеткізілмеген әрі орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелер толық орындалды деген желеумен жалған қабылдау-тапсыру актілері рәсімделіпті. Салдарынан қазынаға 1 миллиард 100 миллион теңге залал келген. Ал жымқырылған қаражат күдіктілердің бақылауындағы өзге де ұйымдардың есепшотына аударылған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микрокаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр.

← Все новости