Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Елордада тұмау өршіп тұр

Елордада тұмау өршіп тұр! Қала әкімдігінің хабарлауынша, ауруханаға түсіп жатқандардың саны күн сайын артуда. Қазір 313 науқас емделіп жатыр. Оның 220-сы бала, 30-ы жүкті әйел. Сондай-ақ 2500-ден аса пациент амбулаториялық көмек ала бастаған. Олардың арасында мың жарымнан астамы бала, 20-сы аяғы ауыр келіншек. Бұдан бөлек, инфекция жұқтырған 4500 адам дәрігерлердің бақылауымен үйлерінде ем-домдарын жасап жатыр. Науқастардың шағымы бір. Әлсіздік, жоғары температура, тамақ пен жөтел мазалайды. Осыған байланысты қазір емханалар мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимге көшкен. Ауруханаларда қосымша төсек-орын әзірленіп, науқастарды қабылдайтын арнайы сүзгі кабинеттері ашылыпты. Ресми дерекке сүйенсек, тұмауға қарсы екпе алғандар саны бүгінде 143 мыңнан асқан.

← Все новости