Перейти к содержимому
СРОЧНО

Қазақстан — зейнетақы жүйесі тұрақты ел

Қазақстан зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді.

Еліміз 75-ке жуық ұпай жинап, жаһандық тізімде сегізінші сатыға тұрақтады. Алайда төлемдердің жеткіліктілігі жағынан 49-шы орындамыз. Жалпы рейтингте 55 мемлекеттің ішінде 29-шы орын бұйырған.

Мамандардың айтуынша, халықтың қартаюы мен өмір сүру ұзақтығының артуы барлық елдің әлеуметтік қорына салмақ түсіріп отыр. Сондықтан басты міндет — қазіргі төлемдерді үздіксіз жүргізіп, болашақ ұрпақты лайықты зейнетақымен қамту.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости