Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Шығыста балықшылар суға батып, қаза тапты

Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданындағы Зевакино ауылының маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері марқұмдардың денесін Ертіс өзенінен алып шықты. Сөйтсе, ешқайсысы да құтқару кеудешесін кимеген екен. Мамандар алғашқы аязда өзен-көлдердің бетіне жұқа мұз қатқанымен, оның үстімен жүру аса қауіпті екенін ескертеді.

← Все новости