Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Алматыда оқ атылды

Шырт ұйқыда жатқан Алматы тұрғындары оқтың дыбысынан шошып оянды. Елдің зәре-құтын алған оқиға түнгі екілер шамасында «Атакенттің» маңында болған. Велосипед мінген ер адам мылтықтан аспанға оқ атып, ізін суытқан. Дулыға киген бейтаныс жігіттің бұл бассыздығын байқап қалған куәгер бірден полицияға хабар беріп, патрульдік жасақ күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Ал оның үйін тінткен кезде тәртіп сақшыларының көзі шарасынан шыға жаздапты.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алайда полицейлерді пәтердің ішіндегі олжа таңғалдырды. Тінту кезінде бөлшектелген тегіс ұңғылы мылтық, 100 оқ және екі гильза табылды. Барлық қару мен оқ-дәрі тәркіленді. Заңсыз қару айналымы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір түнгі оқиғаның мән-жайы анықталуда. Куәгер айтқандай шынымен де оқ атылды ма, жоқ па, оған тергеу барысында жауап беріледі.

← Все новости