Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Интернетте сайман сатқан алаяқ ұсталды

Жүргізушілер көліктің қосалқы бөлшектерін сатып аламыз деп, 212 миллион теңгесінен айырылды.

Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы жігіт ұсталды.

Ол екі жыл бойы ғаламторда темір тұлпарлардың саймандарын сатамын деп жалған хабарландыру беріп келген. Бастапқыда тұтынушылардан аз көлемде алдын ала төлем сұрап, кейін тапсырыс құнын біртіндеп өсірген.

Ал қаржыны қалтасына басқан соң, телефон нөмірін ауыстырып, ізін суытып отырған. Жымысқы әрекеті жәбірленушілер полицияға арызданғаннан кейін ғана әшкереленді.

Күдіктінің кесірінен 200-ден астам адам зардап шеккен. Қазір ол қамалып, тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары жәбірленушілер саны әлі де артуы мүмкін дейді.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости