Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

Алапат өрттен 30 адам опат болды

Мысыр халқы қара жамылды. Ел астанасы Каирдегі ірі жол айрықтарының бірінде бензин толы цистерна аударылып, соңы алапат өртке ұласты. Төтенше оқиғадан кем дегенде 30 адам опат болды. Марқұмдардың қатары сағат сайын артып жатыр. Өйткені ауыр техника ондаған көлікті жаншып өткен. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, апаттан 15 тұрғын түрлі дәрежедегі жарақат алыпты. Олар қазір ауруханада ем қабылдауға жіберілді. Жергілікті басылымдар цистернаның дәл ірі көпір өткелінде аударылғанын хабарлады. Ондаған тонна техника бір бүйіріне жантайып, жолындағының барлығын қиратыпты. Алғашқылардың бірі болып Египеттің Қызыл жарты ай қауымдастығы зардап шеккендер мен опат болғандардың туыстарына көмек қолын созды. Айта кету керек, апат болған айналма жол Үлкен Каирдің ең маңызды көлік дәлізі саналады. Осы арқылы миллиондаған тұрғын күнделікті Гиза провинциясынан бас қалаға қатынайды.

← Все новости