Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

«Қазақмысқа» жұмысқа орналастыру үшін ақша сұраған

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

«Қазақмысқа» жұмысқа тұру қанша тұрады? Тәртіп сақшылары жыл басынан бері аты дардай корпорацияға қызметке аламыз деп жұртты алдаған 9 жағдайды анықтаған. Келтірілген шығын 16 миллион теңгеден асады екен. Оқиғалар Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында болған. Осындай заңсыздықтың бірі жақында ғана әшкереленді. Күдіктілердің арасында кадр бөліміне еш қатысы жоқ қарапайым слесарь да бар. Ол 6 адамды сендіріп, әрқайсысынан екі жарым миллион теңгеге дейін ақша сұраған. Қазір мұндай фактілерді кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі мен полицейлер бірлесіп тергеуде. Осындай құйтырқылыққа барғандарға қатысты үш қылмыстық іс қозғалған. Ал компания басшылығы «Қазақмысқа» тек ашық конкурс арқылы әрі тегін кіруге болатынын ескертеді. Барлық бос орындар мекеменің career.kazakhmys.kz порталында жарияланады.

← Все новости