Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

Жазғы дөңгелекпен жүргендер жазаланады

«ҚазАвтоЖол» Астана мен Ақмола облысының жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасады. Бүгін күндіз жаңбыр жауып, күн жылы болғанымен, түнге қарай аяз түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Сондықтан мамандар көлік тізгіндеген азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Ал полицейлер жазғы дөңгелекті ауыстыратын уақыт келгенін қаперге салды. Бұл талап 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Талапқа бағынбай, жазғымен жүйткіп, көше кезіп жүргендерге 21 625 теңге айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде осы заңбұзушылық қайталанса, 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Қаңтарда айлық есептік көрсеткіші өсетінін ескерсек, төлем мөлшері тағы өсуі мүмкін. Мұнымен қоса, протектор тереңдігі кемінде 4 миллиметр болуы шарт. Демек, алда-жалда жазғы дөңгелекпен ГАИ-дің қолына түссеңіз, жауапқа тартылуыңыз ғажап емес.

← Все новости