Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 29 просмотров

Алып кешеннің құрылысы басталды

Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенінің құрылысы басталды.

Нысан «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бой көтермек. Оны салуға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Аумағы 31 мың шаршы метр болатын ғимарат заманауи жабдықтармен қамтылады. Мұнда спорттың бірнеше түрімен айналысуға жағдай жасалады. Негізгі аренада облыстық деңгейден бастап халықаралық жарыстар ұйымдастырылмақ.

Нысан 2028 жылдың ақпанында пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Құрылыстың басында 50 адам болса, жұмыс қарқын алғанда олардың саны 200 адамға дейін жетеді. Жалпы ғимарат 4 қабаттан тұрады. Оның ішінде футзал, баскетбол, волейбол, гимнастика залдары және әлемдік стандартқа сай 50 метрлік жүзу бассейні болады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Все новости