Перейти к содержимому
· 178 просмотров

Ақтөбеде түрмеден шыққан қаскөй 10 жасар қызды зорлады

Ақтөбеде қаскөй 10 жасар қызды зорлады. Сұмдық жайт қаланың шетіндегі аудандардың бірінде кешқұрым болған. Дүкеннен шыққан бүлдіршінді көрген күдікті артынан еріп отырыпты. Көршілерінің айтуынша сай жаққа апарып балаға білгенін істеп, қорлаған. Оқушы қыз педофилдің қолынан сытылып кетіп, қашқан дейді. Күдікті қамауға алынғанымен, көрші-қолаң, ауыл-аймақ қорқып отыр. Өйткені, ол бұған дейін де істі болып, жақында ғана абақтыдан босап шыққан екен.

← Все новости