Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударып жүрген кез-келген азамат коронавирусқа тестті тегін тапсыра алады. Бұл туралы бүгінгі брифингте айтылды. Қазір аталған сынаманың құны 11 мың 555 теңге. Ақысыз өту үшін тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға жүгінуі қажет.