Коронавирус індеті кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға артып кетті. Бұған күн сайын әлеуметтік желілерге жарияланып жатқан жанжалға толы видеолар да дәлел. Әйелін сабайтын ер, ұл-қызына қоқан-лоққы көрсететін әке, баласына қатігездік танытатын аналар да азаймай отыр. Мамандар бұған карантиннің әсері бар дейді.