Перейти к содержимому
· 144 просмотра

Медбикелер мен санитарлар шу шығарды

Алматы облысындағы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың медбикелері мен санитарлары шу шығарды. Жүйкесі ауыратындар емделетін мекемедегілер жаңа басшы жалақыға жарытпайтын болды дейді. Карантин кезінде көрпе-жастықтарымызды үйден алып келіп, қонып істеуге мәжбүр болдық дегендер оның өздерін адам құрлы санамайтынын айтады. Ол аздай нәзік жандарға қырындап, мазаларын алатын көрінеді. Бұған қатысты мекеме басшысы не дейді?

← Все новости