Табиғаттың тосын мінезі тараздықтарды әбден әбігерге салды. Таңда басталған нөсер жауыннан тұрғын үйлердің іргетасы үгітіліп, қабырғалары сөгілуде. Шатырдан сорғалап аққан жаңбыр суы жөндеу жүріп жатқан ғимараттардың да тас-талқанын шығарды. Жиған-тергендері бүлініп, берекесі қашқан тұрғындар өз күштерімен амалдауға мәжбүр. Ал әкімдіктегілердің біреуі де төбе көрсетпеді деп ашынған олар кеткен шығынның өтеуін кімнен сұрарын білмей дал.