Перейти к содержимому
· 203 просмотра

Алматы іргесіндегі қара топырақты ұрлауда

Оңтүстік астанада қара топырақ ұрлау жиілеп барады. Таудың етегін қойып, бас пайдасын ойлағандар енді қала ішіндегі жазық жерлерге ауыз сала бастаған. Себебі, сұраныс жоғары. Екі жеп биге шыққысы келгендер «Алматы Арена» спорт кешенінің артындағы бос жатқан жерлерді қазып алып саудалап жүр екен. Мамандар қазірдің өзінде 100 шаршы метр топырақтың ұрланғанын айтып отыр.

← Все новости