Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. 23 жастағы Батыр Мәмбетәлиевті 4 жігіт аяусыз өлтіріп, денесі мен көлігін өртеп кетіпті. 8-ші қазаннан бері азаматты туыстары шарқ ұрып іздегенімен, тек 9- тәулік дегенде көрші ауылдың шетіндегі сайдан тапқан. Енді, қара жамылған отбасы күдіктілердің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр. Марқұм Батыр Мәмбетәлиев әлі шаңырақ көтеріп үлгермеген екен.