Перейти к содержимому
· 129 просмотров

Күйеуі әйелін сабап, балаларын тартып алған

29 жастағы елордалық келіншекке өз күйеуі жала жауып, жындыханаға тоғытқан. Ажырасуға бекінген әйеліне отағасы ерегісіп, осындай қадамға барыпты. Онысымен қоймай аяусыз ұрып-соғып, аяғын сындырған. Бір ғана елорданың өзінде 9 айда 6 әйел адам өз күйеуінің қолынан көз жұмыпты. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы отбасылық кикілжің нәтижесінде ер адамдардың да зардап шегітінін айтуда. Биыл 2 ер азамат тұрмыстық келіспеушілік салдарынан қайтыс болыпты.

← Все новости