Перейти к содержимому
· 886 просмотров

90 жастағы кейуана 17 мың теңге зейнетақыға күн көріп отыр

Семейде 90 жастағы кейуана 17 000 теңге зейнетақығы күн көруде. Тыл ардагері зейнетке шығар кезде еңбек кітапшасын жоғалтып алып, салдарынан өзіне тиесілі ақшадан қағылған. Жұмыс істеген жылдарын растайтын құжаттарды қалпына келтіргісі келгенмен, күні бүгінге дейін еш нәтиже шықпапты. Өлместің күйін кешіп келе жатқан кейуананың халін тілшілеріміз сұрап келген еді.

← Все новости