Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетіп, оның екеуі аударылып қалды. Соның салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келген. Оқыс оқиға Ботақара стансасының теміржол өткелінен 27-ші шақырым жерде болған. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Бұл пойыздардың қозғалысына әсер етпепті. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі таңда рельсті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.