Перейти к содержимому
· 232 просмотра

Теңге құнсызданбауы үшін 90 млн долларға интервенция жасалды

Ұлттық банк теңге құнсызданбауы үшін  қазан айында тағы да 90 миллион доллардан астам ақшаға интервенция жасады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл жайында еліміздің бас банкінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. Хабарламаға сай, өткен айдың соңында әлемде мұнайға деген сұраныс  кеміп, қара алтынның қордағы бағасы түсіп кеткен. Бұл өз ретінде доллар бағамының күрт шарықтап,  артынша девальвацияға әкеп соқтырары сөзсіз еді. Әлеуметке кері әсерін тигізетін мұндай құбылысқа жол бермес үшін,  Ұлттық банк аракідік осындай қадам жасап тұруға мәжбүр. Қаржыгерлердің айтуынша, өткен айда биржаға құйылған ақша қыркүйекке қарағанда екі еседей аз болыпты.

← Все новости