Перейти к содержимому
· 123 просмотра

Көлік жуу қызметкерін бір аяғынан айырған ер адам қамауға алынды

Павлодарда көлік жуу қызметкерін көлікпен басқан ер адам қамауға алынды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Еске салайық, оқиға қазанның 31-і күні Бейбітшілік көшесіндегі автомобиль жуатын орталықта болған. Бұрын машина жүргізу құқығынан айырылған азамат мас күйде рөлге отырып, темір тұлпарын алға жылжытпақ болған сәтте 31 жастағы әйелді басып кетеді. Екі аяғынан көптеген жарақат алған келіншек облыстық ауруханаға жеткізіліп, бір аяғы ампутацияланды. Ал машина айыппұл тұрағына қойылып, полицейлер тергеу жүргізуде.

← Все новости