Перейти к содержимому
· 105 просмотров

Ақтауда балалар биік ғимарат үстінде хоккей ойнады

Ақтауда балалар құрылысы аяқталмаған нысанның үстінде хоккей ойнады. Олардың өз бастарын қатерге тігіп, биік ғимаратта қамнен қаперсіз асыр салып жүргендерін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына барған ювеналды қызметтің мамандары кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап, полицейлер балалармен және олардың ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Балалардың ол жаққа қалай шығып кеткені әзірге белгісіз. Тексеру жүріп жатыр.

← Все новости