Перейти к содержимому
· 1 456 просмотров

Ұрланған жылқылар мұз боп қатып қалған жерінен табылды

Павлодар облысында мұз болып қатып қалған 26 жылқы табылды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Аққулы ауданының полициясына шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер бір үйір жылқысын ұрлап кеткенін айтқан. Бірнеше күн бойы иесі жоғалған малды өз бетінше табуға тырысқан, бірақ онысынан түк шықпаған соң тәртіп сақшыларына жүгінген. Іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Бөрлі көлінен жылқылардың өлексесін тапты.

← Все новости