Шымкентте зертас өнерімен жасалған туындылар ескерусіз қалып барады. Өткен ғасырдың 80-шы жылдары қаланың ең көрікті жерлеріне орнатылған мозайкалық панно осы күндері тозып, кей бөліктері түсіп қалған. Ол аздай, бұзылып жатыр. Қала әкімдігі олардың орнына LED-экрандар қойып жатыр екен.