Перейти к содержимому
· 110 просмотров

Шахтадағы апаттан мерт болған кеншілердің отбасына 20 млн теңгеден беріледі

Шахтадағы апат кезінде мерт болған ақтөбелік кеншілердің отбасына 20 млн теңгеден көмек берілетін болды. Мыс компаниясы марқұмдардың туыстарын баспанамен қамтып, балаларының оқуын да мойындарына алмақ. Ал арнайы құрылған комиссия өндірістік апаттың неден болғанын әлі анықтап жатыр. Қорытындысын 10 күннен соң айтпақшы.

← Все новости